Еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

360

Оларға 5,2 млрд теңге төленді.

Еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу