Еңбек қатынасын реттеуге қатысты құжат қабылданды

936

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуына басымдық берілді.

Еңбек қатынасын реттеуге қатысты құжат қабылданды

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжат ҚР қарыздық еңбек саласын құқықтық реттеудің болмауына байланысты азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабымен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуын жою мақсатында әзірленді. 

Мәжілісмен Қанат Мусиннің мәлімдеуінше, заң жобасы қарыздық еңбек саласында еңбек ететін азаматтарды әлеуметтік қорғауды, жұмыс берушілердің еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен гигиеналық талаптарын сақтау міндетін жүзеге асыруға ықпал етуді көздейді.

Заң жобасы арқылы еңбек кодексінің еңбек қатынастары жүйесіндегі қарыздық еңбек саласының объектілері мен субъектілерін айқындау бөлігінде жаңа ұғым енгізу ұсынылды. Бұған қоса "қабылдаушы тараптың жұмыскерлері", "персоналды беру" деген жаңа анықтамалар мен "еңбек міндеттері", "еңбек қызметіне байланысты "жазатайым оқиға" деген ұғымдар нақтыланатын болды. Сонымен қатар заң жобасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бар.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу