Еңбек қауіпсіздігіне қатысты құжат қабылданды

615

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Еңбек қауіпсіздігіне қатысты құжат қабылданды

Сенатор Ақмарал Әлназарованың айтуынша, құжат персонал беру жөніндегі қызмет көрсету саласын құқықтық реттеуді қамтамасыз етуді, осыған қатысты шарт жасау тәртібін айқындауды, тараптардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін белгілеуді көздейді. 

"Заң жобасына жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін нақтылау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тетігін ретке келтіру, қызметкерлерді, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайында өндірісте жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесін шешу міндеті жүктелген", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу