Enbek.kz-те бейне сұхбаттасу мүмкіндігі қолжетімді болды

523

Бұл функция тегін және жеке кабинетте қолжетімді.

Enbek.kz-те бейне сұхбаттасу мүмкіндігі қолжетімді болды Фото: gov.kz

Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен бейне әңгімелесу өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.

Enbek.kz порталында бейне әңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші пен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қол жетімді.

Жұмыс беруші бейне сұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына бейне қоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейне қоңырауға қосылу жеткілікті.

Бейне сұхбаттан өту үшін үміткер компьютерге камера мен микрофонды қосып, жұмыс берушімен сұхбат кезінде техникалық ақауларды болдырмау үшін интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.

Enbek.kz порталындағы бейне әңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат жолсапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу