"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы 83%-ға орындалды

623

Биыл 1,2 млн адам жұмыспен қамтылады. 

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы 83%-ға орындалды

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, 700 мың адам – "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, 42 мың адам – "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бойынша, 440 мың адам – жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмысқа қабылданады. 

"Бүгінгі таңда 1 млн-ға жуық адам халықты жұмыспен қамтуды қолдау шарасымен қамтылды. Соңғы 9 айда "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 377 мың адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 70%-ы тұрақты жұмысқа тұрды. Барлығы 65 мың адам оқумен қамтылды. Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша 29 мың адам микрокредит пен қайтарымсыз грант  алды. Нәтижесінде 25 мыңнан астам адам алғаш рет өз ісін ашып, қосымша 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрды. Солтүстік өңірлерге 5,5 мың адам қоныс аударды, олардың ішінде 2,3 мың адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1,8 мың қоныс аударушы жұмысқа орналастырылды. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы 83%-ға орындалды. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында барлық көрсеткіштер толық көлемде жүзеге асырылды", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу