"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 24 мыңнан астам адам қатысты

1031

Бағдарлама аясында оңтүстік өңірлерден 691 отбасы жұмыс күші аз аймақтарға аттанды. 

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 24 мыңнан астам адам қатысты

Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 224,7 мың адам жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

"184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы – тұрақты жұмысқа тұрды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 85,4 мың адам орналасты. Оның ішінде әлеуметтік қызметке – 12,6 мың, жастар тәжірибесіне – 10,6 мың, қоғамдық жұмыстарға – 62,2 мың адам", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны көп оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге  2 445 адамнан тұратын 691 отбасы қоныс аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу