Еңбек мигранттарының бөлігі Атырау облысында еңбек етеді

766

Қазақстанға жұмыс істеуге келгендердің дені – Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Түрікменстан азаматтары.

Еңбек мигранттарының бөлігі Атырау облысында еңбек етеді

Еліміздегі шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі батыс өңірлерде еңбек етеді. Мәселен, Атырау облысында шетелдік жұмыс күшінің 52,5% шоғырланған, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.

ШҚО, БҚО, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары да сырттан келген мамандарды жалдайды. Бұл өңірлерде еңбек мигранттарының 35,5%-ы тұрады.

Биылғы жылдың І тоқсанына жасалған мониторинг бойынша, елімізде жұмыс істеп жүргендердің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Түркменстан мемлекетінің азаматтары екені белгілі болған.

"Жүргізілген талдаудың нәтижесі экономиканы дамыту үшін елімізде кәсіби еңбек нарығын қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Бұл ретте, өңірлерге келетін шетелдіктердің санын бегілеген кезде сол аймақтың жергілікті еңбек ресурстарының нақты әлеуеті ескерілмей жатады. Мәселен, тартылатын  шетелдік мамандар арасында маусымдық қызметкерлердің үлесі ұлғаюда. Мұның себебі отандық жұмыс берушілерге заңнамада белгіленген әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды талап етпейтін, біліктілігі жоқ арзан шетелдік жұмыс күшін жалдау тиімді болуымен байланысты", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу