Еңбек министрі айлығы отбасын асырауға жететінін айтты

758

Ведомство басшысы несиесі бар екенін де жасырмады.  

Еңбек министрі айлығы отбасын асырауға жететінін айтты Фото: Ukimet

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жалақысы отбасын асырауға жететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер "Сіздің айлығыңыз отбасыңызды асырауға жете ме?" деп сұрады.

"Жетеді. Былтыр маған осындай сұрақ қойылды. Менің 4 балам бар. 1 млн 200 мың теңге айлық аламын. Қазір екі балам өсіп, бөлек шықты. Қолымда қызым мен кішкентай бала бар. Жұбайым жұмыс істемейді. 3 жастағы баланы қарап отыр. Айлық жеткілікті. Өзімізде де несиеміз бар", – деп жауап берді  министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін депутат жалақысы өмір сүруге жетпейтінін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу