Еңбек министрі: Екі жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

847

Биыл ұлттық жобалар аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Еңбек министрі: Екі жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгінде электронды еңбек биржасына 691 кәсіпорын 1 мың инвестициялық жобада ашылатын 13 609 жұмыс орнын ұсынып отыр. Онда тек біліктілік талаптары ғана емес, сонымен бірге төленетін еңбекақы мөлшері және жұмыс орнының сипаттамасы да берілген.

"Жобалардың және ондағы бос жұмыс орындарының тізімі аталған жобалардың әзір болуына қарай алдағы уақытта толықтырылып отырады. Біз жалпы жұмысқа тарту ісін Электронды биржа аясында жүргізуді қолдап отырмыз. Оның ашықтығы және қолжетімділігі жұмыспен қамту мәселелерінің жаңа мәдениетін қалыптастыруды және мемлекет қолға алып жатқан бастамалардан халқымызды толық хабардар ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу