Еңбек министрі қандай мамандықтар жойылатынын айтты

1052

2035 жылға дейін экономикаға тағы 2,9 млн маман қажет болады.   

Еңбек министрі қандай мамандықтар жойылатынын айтты Фото: Үкімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қандай мамандықтар жойылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, елде жұмыс күшінің саны – 9,8 млн адам. Олардың 9,4 млн-ы жұмыспен қамтылған. 

Асқарбек Ертаев бірге еңбек нарығында жұмысшы кадрларға тұрақты сұраныс байқалып отырғанын жеткізді. Электрондық еңбек биржасына орналастырылған бос орындардың жартысынан астамы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

"Алмастыру мен жаңа сұранысты ескере отырып, 2035 жылға дейін экономиканың кадрларға қажеттілігі 2,9 млн адам болады. Оның ішінде жұмысшы мамандықтар саны – 1,8 млн адам. Ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасқан. Сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі 51-ден 174 кәсіпке дейін жаңартылуда. Бұл – инженерия, құрылыс, өндеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика", – деді министр.

Технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын барынша өзгертіп жатыр.

"Кейбір мамандықтар жойылады. Олар – мәтінді өңдеушілер мен терушілер, деректерді енгізу жөніндегі қызметкерлер, корректорлар. Кәсіптердің басым бөлігі трансформацияланады", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу