Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және мекемеге қарасты ұйымдардың қызметкерлері бір күндік жалақысын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Қостанай облыстарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорға аударды.
Табиғаттың тосын мінезінен жапа шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге министрліктің орталық аппаратында, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында, мемлекеттік аннуитеттік компанияда, Еңбек қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында және "Біліктілікті көтеру курстары" мемлекеттік мекемесінде істейтін 300 қызметкер ниет білдірді.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қаражаттың барлығы киім мен азық-түлік сияқты алғашқы қажеттілік заттарын алуға жұмсалмақ.