Қазақстанда БЖЗҚ-дағы шоттарынан жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкіндігін қарастырылады.
"Қазір бұл мәселемен Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеуді дамыту агенттігі бірлесіп, жұмыс тобын құрды, сондықтан бұл мәселені жұмыс тобында қарастыратын шығармыз", - деді Дүйсенова Үкімет отырысынан соң.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың сәуірінде елімізде БЖЗҚ шоттарынан зейнетақы жинақтарының артық сомасын алудың жеткіліктілік шегін артты. Бұл, ең алдымен, төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсуіне байланысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу