Еңбек министрлігі жаңа әлеуметтік көмек тағайындағаны рас па?

303

Ведомство өкілдері жауап берді.

Еңбек министрлігі жаңа әлеуметтік көмек тағайындағаны рас па? Фото: inbusiness.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.

"Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу