Еңбек министрлігінде "DIGITAL NAURYZ 2026" IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

71

Бағдарлама әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталды. 

Еңбек министрлігінде "DIGITAL NAURYZ 2026" IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың қатысуымен "DIGITAL NAURYZ 2026" IT-интенсивінің жабылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара аясында ведомствоның ақпараттық жүйелері таныстырылған LED-аймақ ұсынылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық шешімдер және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Асқарбек Ертаев ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда және азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде цифрландырудың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

""DIGITAL NAURYZ" форматы дәстүр мен заманауи шешімдерді ұштастырады. Бес күндік бағдарлама барысында практикалық кейстер қарастырылып, қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Медициналық-әлеуметтік сараптамада, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда және Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарын іріктеуде жасанды интеллектіні қолдану мысалдары ұсынылды", – деп атап өтті ол.

Үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу