Еңбек нарығы қашан қалпына келеді?

1435

Сарапшылар пандемия салдарынан туындаған еңбек нарығындағы үрдістерге талдау жүргізген.

Еңбек нарығы қашан қалпына келеді?

Әлемдегі жұмыссыздық деңгейі биыл немесе алдағы жылы қалпына келмеуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (ЕРДО) сарапшылары пандемия салдарынан туындаған әлемдегі еңбек нарығындағы үрдістерді талдаған. Осылайша, олар әлемдегі жұмыссыздық деңгейі биыл немесе келесі жылы қалпына келмеуі мүмкін деп қорытынды жасаған.

Дүниежүзілік банк мәліметінше, әлемдегі ЖІӨ 2020 жылы 3,6%-ға төмендеген. Бұл 1961 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш.

Әлемдегі жұмыссыздық деңгейі 2020 жылы 6,5%-ға дейін төмендеген, ал 2021 жылы ол 6,3% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

"Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі жұмыссыздықтың жиынтық деңгейі 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда (7,1%) 6,6%-ға дейін төмендейді деген болжам бар. Алайда 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі мәнге қарағанда жоғары (5,4%) болып қала береді. Тіпті, 2022 жылы бұл көрсеткіш тек 6%-ға дейін төмендеуі мүмкін", - деді ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу