Еңбек нарығы жаңа жағдайға бейімделеді

988

1,3 млн адам жұмыспен қамтылады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. 

Еңбек нарығы жаңа жағдайға бейімделеді

"Үкімет халықты жұмыспен қамту және оның табысын арттыру мақсатында кешенді шараларды айқындады. Нәтижесінде 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылатын болды. Іс барысында жұмыссыздық деңгейі төмендейді. 

"Жұмыспен қамтудың жол картасын" жүзеге асыру жалғасады. Тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беріледі. Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, жұмыс орындарының есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы жасалады. Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспары әзірленеді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу