Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс артқаны белгілі болды

179

Елімізде сату қызметінің мамандары сұранысқа ие.

Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс артқаны белгілі болды Фото: canva.com

Биыл Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандықтар қатарын сатушылар мен кассирлер бастап тұр. Бұл туралы OLX сарапшылары жариялаған мәліметтен белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір жыл ішінде сатушыларға қатысты 7974 вакансия жарияланған. Оларға 652 424 өтініш түскен. Саладағы орташа жалақы мөлшері 150 мың теңгеден 245 мың теңгеге дейін барады. Одан кейінгі орында сатушы-консультанттар тұр: 3481 вакансия, оған 219 384 өтініш жіберілген. Жұмыс берушілер оларға 170 мың теңгеден 275 мың теңгеге дейін жалақы беруге дайын. 

Танымал вакансиялардың арасында сауда өкілдері (жалақы – 250 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін), кассирлер (155 000 теңгеден 225 000 теңгеге дейін) және сату менеджерлері (225 000 теңгеден 447 874 теңгеге дейін) бар.

Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде сатушы-консультанттың қызметі қалыптасқан міндеттермен шектелмейді. Себебі заманауи мамандар CRM жүйесін меңгеріп, онлайн тапсырыстармен жұмыс істеп, клиенттерге мессенджерлер арқылы кеңес беруі тиіс. Бұдан бөлек жұмыс берушілер болашақ қызметкерлерінің бойындағы аналитикалық ойлау, коммуникациялық дағды және нарықтағы өзгерістерге бейімделу қабілетін де жоғары бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу