Ал жалдамалы қызметкерлердің саны 7 миллионды маңайлайды. Мамандарға деген сұраныс әсіресе Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында артады. Салалар бойынша айтар болсақ, білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салалары еңбек ресурстарын ерекше қажет етеді. Естеріңізде болса, президент қазақстандықтардың сапында техниктердің санын арттыру керектігін айтқан еді. Жауапты министрлік оны жүзеге асыру үшін әрекеттеніп жатыр, мәселен биылғы барлық білім беру гранттарының 60 пайызы техникалық мамандықтарға тиесілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу