Мұны білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева хабарлады.
Оның айтуынша бұл ұсыныс барлық өңірлерден келіп түскен. Әрі ұзақ талқыланған. Тіпті көрші елдердің тәжірибесі де ескерілген. Сонымен қатар "Мұғалімдер мәртебесі туралы" заңының жобасында ұстаздардың еңбек демалысы 40 күннен 56 күнге ұзартылып, ал үздіктеріне Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі атағын беру нормалары да енгізілуі ықтимал.
Жалпы құжатты әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу