33 жылдан жоғары еңбек өтілі барлар базалық зейнетақыны толық алады

1099

33 жылдан жоғары еңбек өтілі барлар базалық зейнетақыны толық алады

1 шілдеден бастап елімізде орын алған өзгерістерге тоқталсақ. Оның біріншісі және маңыздысы зейнетақының көбеюі. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі зейнетке шығу уақыты мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты өзгереді. Мәселен кімнің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз болса ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын алады. Бұл 12 274 теңге және еңбек өтіліне жыл сайын 2 пайыз қосылады. Еңбек өтілі 33 жылдан асқан жандар базалық зейнетақыны толық алады. Бұл жаңашылдық зейнетке енді шыққандар мен шығатындарға қатысты. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап мүгедек санатына жататын жанның асыраушысына қосымша 30 мың теңге жәрдемақы беріледі.

Баға саясатындағы өзгерістің бірі ол темекі құнының 360 теңгеге дейін көтерілуі. Тағы бір айта кетерлігі, биылдан бастап автокөлік құралдарының техникалық паспорты біртіндеп электронды жүйеге көшеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу