Еңбек өтілі жоқ маман облыстық соттың судьясы бола алады

1188

Сот жүйесіндегі кадрлық саясаттың болашағы талқыланды.

Еңбек өтілі жоқ маман облыстық соттың судьясы бола алады

Облыстық соттың судьясы лауазымына ие болу үшін тәжірибелі заңгер сот жүйесінің аудандық деңгейінен айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьясы бола алады. Бұл туралы "Сот жүйесіндегі кадрлық саясаттың болашағы" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР жоғары сот кеңесінің мүшесі, жоғары сот судьясы Нұржан Жолдасбеков айтты.

"2019 жылдан бастап судьяларға арналған конкурс алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы түрде өткізілуде. Осындай тәсілмен судья болуға үміткерлер конкурстың жарияланатын күнін, сондай-ақ судьялық бос орындардың тізімін алдын-ала біледі және оларға қатысуды жоспарлай алады. Биыл судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарына бірқатар заңнамалық өзгеріс енгізілді. Аудандық деңгейдегі судья лауазымына корпоративті сектордан жас білікті кадрларды тарту үшін арнайы жұмыс өтілінің болуы талабы алынып тасталады. Осыған дейін мамандар прокурор, адвокат, сот хатшысы тәрізді қызметте істеуі міндетті еді", – деді Нұржан Жолдасбеков

Сондай-ақ, жалпы заңгерлік тәжірибесінің болуы 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарған.

"Облыстық соттың судьясы лауазымына ие болу үшін тәжірибелі заңгер сот жүйесінің аудандық деңгейінен айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьясы бола алады. Мұндай тәсіл кәсіби сот кадрларының көптеп келуіне айтарлықтай мүмкіндік береді", – деді Нұржан Жолдасбеков

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу