Еңбек зейнетақысын есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері ұлғайтылады

Бұрын ол 46 АЕК болса, енді 55 АЕК-ке дейін немесе орташа жалақының 70%-ына дейін өседі. 

Еңбек зейнетақысын есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері ұлғайтылады Фото: Zakon.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палата отырысында екінші оқылымда қарап, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдады. Құжат Мемлекет Басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге тоқталған Тамара Дүйсенова алдағы 5 жылда қолданыстағы зейнеткерлердің базалық зейнетақысы өсетінін айтты.

Сондай-ақ еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін немесе орташа жалақының 70%-ына дейін ұлғайтылады.

Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады.

Бұдан бөлек, Кодекс жобасына өз активтерін басқару бойынша салымшылардың құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Енді азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады.

Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі. Бұл ретте, мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті жинақтың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу