Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан жаңа комитеттер құрылмақ

709

Құжат 9 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.  

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан жаңа комитеттер құрылмақ Фото: Inbusiness.kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылсын", - делінген құжатта.

Сондай-ақ мына комитеттердің атауы өзгертілді:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып;
  • осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің атаулары өзгертілсін.

Нәтижесінде министрліктің мынадай ведомстволары бар:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.

Осылайша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің өңірлік департаменттері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменттері деп аталатын болады.

Құжатта бұл өзгерістер мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардың қарауынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына өткізіп беру процесімен байланысты екені айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу