Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 12 мың адамның жеке нөміріне жіберіледі.
Министрліктің хабарлауынша, хабарлама 8 әлеуметтік топтың өкілдеріне жіберіледі. Әр жас тобы бойынша 1000 SMS-хабарлама жіберу жоспарланған. Олардың қатарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, көпбалалы отбасылар, АӘК алушылар, "Күміс алқа" мен "Алтын алқа" алған аналар бар.
Асқар Ниязовтың айтуынша, азамат хабарлама арқылы жұмыс іздеп, білімді жетілдіру немесе әлеуметтік жәрдемақы алу бойынша ақпарат алады. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламада тұрған сілтемені басу қажет.
Қазір республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 3,8 пайыз немесе 80 мың адам. Олардың басым бөлігі Түркістан және Жамбыл облысы, Алматы қаласында тұрады.