"Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

607

Республикалық конкурс 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.  

"Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды Фото: gov.kz

Елордада "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлері марапатталды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конкурс "Үздік еңбек әулеті", "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері", "Өндірістің үздік жас маманы" номинацияларынан тұрды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, биыл байқауға 500-ден астам қызметкер қатысты.

"Еңбек әулеттері – бұл мамандыққа деген адалдықтың, жоғары жұмыс шеберлігінің, ұрпақтардың отбасылық еңбек ерлігінің символы. Еңбек әулеттері  компанияның берік іргетасын қалайды, корпоративтік рухты нығайтады. Тәлімгерлердің арқасында жас қызметкерлер көмек пен кеңес алады, сонымен қатар олардың дағдыларын жетілдіруде ғана емес, әлеуметтену мен өсуде де қажетті қолдау алады. Жастар және сұранысқа ие мамандар – Қазақстанның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің кілті", - деп атап өтті ведомство басшысы.

"Еңбек ардагері" медалімен Жанаргүл Магулова, Кабдулман Имамбеков, Күнімбала Баяхметбаева марапатталды.

"Үздік еңбек әулеті" номинациясын Абай облысының Тукубаевтар әулеті жеңіп алды. Үштіктер қатарында ШҚО-дан келген Ковалевтар әулеті, Ұлытау облысының Бекмағанбетовтар әулеті бар.

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясын алматылық Людмила Хвостова иеленді. Ал, екінші және үшінші орынды Ерғазы Тұрлыбеков (Қарағанды облысы) пен Жұмабай Абдулов (Атырау облысы) місе тұтты.

"Өндірістің үздік жас маманы" номинациясы бойынша жеңімпаздар – Наурызбек Дакен Павлодар облысы (1 орын), Сұлтан Әукен Алматы  облысы (2 орын), Нұрқасым Байшуақов Ақмола облысы (3 орын) иеленді.

Айта кету керек, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды. Атап айтқанда, 1 орынға – 1 млн теңге, 2 орынға – 500 мың теңге және 3 орынға – 300 мың теңге.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу