Еңбекақы қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады – ҰЭМ

818

Бүгінгі таңда еңбекақы қорынан мөлшерлемелері, есептеу базалары әртүрлі бірнеше төлемдер төленеді.  

Еңбекақы қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады – ҰЭМ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілістің жалпы отырысында шағын бизнес үшін еңбекақы қорынан  бірыңғай төлем енгізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылады. Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемдерге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр. Бірыңғай мөлшерлеме міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді және әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің өсуін ескеретін болады. Төлемді арнаулы салық режимдеріндегі микро және шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолданатын болады. Сома бірыңғай жиынтық төлем тетігіне ұқсас бөлінеді", – деді ведомство басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу