Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме 25%-ға төмендетіледі

857

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме 25%-ға төмендетіледі

Оның сөзінше, тұжырымдамада бюджет саясатын, мемлекеттік және квазимемлекеттік борышты сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалануды басқару мәселесі қамтылады. 

"Бюджет қаржысын басымдыққа сай жұмсауды қамтамасыз ету үшін "блоктық" бюджетті және жаңа бюджеттік қағидаларды, сондай-ақ бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін енгізу көзделеді. Жан басына қарай қаржыландыру тетігін қолдану кеңейтіледі. Микро және шағын бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу