Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

1312

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев халықтың әл-ауқатын арттыру үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілетінін және бизнесті жұмысшыларының еңбекақысын көбейтуге ынталандыру шарасы қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

"Микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу жоспарланып отыр. Бұл бизнеске түсіп отырған салмақты 34%-дан 25%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, 2022-2025 жылдар аралығында жекелеген санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20%-ға өседі. 

"Президенттің жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу үшін "Отбасы банктегі" есепшотқа аударуға рұқсат беріледі", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу