60 мың теңгеден аз айлық алатындарға табыс салығы төмендетілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік қамту туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес төмен жалақы алатын, яғни еңбекақысы 25 АЕК-тен кем азаматтардың табысынан бұрынғыдай 10 пайыз емес, тек 1 пайыз қана салық ұсталады.
Ал салық төлеуден мүлде жалтарып жүргендер енді банктерден есепшот аша алмайды және тіисті жалақыларын да ала алмайды. Ол аз болса, кез келген банкте несие де рәсімдеу де мүмкін болмайды. Мұндай өзгерту жаңа салық кодексінде жазылған. Заң шілденің бірінен бастап күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу