Еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

397

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды Фото: inbusiness.kz

Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу