Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады

353

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. 

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады Фото: primeminister.kz

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.

Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу