Еңбекке жарамсыз жандардың жәрдемақысы көбейеді

1083

Еңбекке жарамсыз жандардың жәрдемақысы көбейеді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттің көмегіне мұқтаж жандар үшін жәрдемақы көбейетін болды. Елбасының ұлт жоспары аясындағы тапсырмасына сай, Қазақстан атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа сипатына көшеді деп хабарлайды ortcom.kz.

"Жаңа сипаттағы әлеуметтік көмек аясында "Өрлеу" бағдарламасы жүргізілген болатын. "Өрлеу" жобасын жүзеге асыруға биыл 7,1 млрд теңге қарастырылған. Жылдың алғашқы жартысында жобаға қатысқан 107087 адамның 95%-ы жұмыспен қамтылды. Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4949 теңгеден 15 325 теңгеге өсті. Тұрақты жұмыс орындарына жобаның барлық еңбекке қабілетті қатысушыларынан 73,3%-ы орналасқан. Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке дайындық шеңберінде, Қазақстанда міне төртінші жыл "Өрлеу" жобасы іске асырылуда", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова

Атаулы әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан ҚР азаматтары үшін мемлекет есебінен оқу, шағын несие алу, еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аудары мүмкіндігі туады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу