Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқада берілуі мүмкін

195

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. 

Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқада берілуі мүмкін Фото: asia-plus

Денсаулық сақтау министрлігі уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен оның анықтамасын беру ережелеріне өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы құжаттарды оңтайландырып, оның ішінде қағаз құжаттарды азайту аясында еңбекке жарамсыздық парағы мен уақытша еңбекке жарамсыздық сияқты анықтамаларды электронды форматқа ауыстыру көзделіп отыр", – деп түсіндірді министрлік.  

Қазіргі уақытта "Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру" қызметі электронды да, қағаз түрінде де ұсынылады.  

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық мекемелермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу