Еңбекмин 350 мыңнан аса қазақстандықты жұмысқа орналастыруға көмектесті

345

233,1 мың адам жұмысқа орналасты, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Еңбекмин 350 мыңнан аса қазақстандықты жұмысқа орналастыруға көмектесті Фото: ҚР Еңбекмин

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 - 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 352,6 мың адам қатысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 133 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,6 мың адам, жастар практикасымен 8,6 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 94,8 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 3,9 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 140 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 11 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 25,2 мың жұмыссыз адам қамтылды. Оның ішінде 22,8 мыңы оқуын аяқтаған.

Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 88,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 66,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 64,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 2615 грант берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу