Еңбекмин кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу туралы жаңа қағидаларды дайындады

556

Елімізде кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландырудың жаңа қағидалары бекітілмек. 

Еңбекмин кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу туралы жаңа қағидаларды дайындады Фото: ortcom.kz

Тиісті бұйрық жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

"Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидалары ҚР Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді", - делінген құжатта.

Құжатта кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға және олардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға гранттар беру, қайтарымды негізде микронесие беру тәртібі көрсетілген.

Қағидалардағы қосымшаларда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш, бизнес-жобаны толтыру үлгілері, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткердің бағалау парағы, микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі және т.б. берілген.

Бұйрық қабылданған жағдайда "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрықтың күші жойылмақ.

Құжатты қоғамдық талқылау "Ашық НҚА" сайтында 18 сәуірге дейін жалғасады.

Еңбекмин дайындаған бұйрық 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі деп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу