Еңбекмин мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталарды айқындады

593

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі.  

Еңбекмин мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталарды айқындады Фото: Inform.kz
>Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды. Оны ашық талқылау 14 сәуірге дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz. 
 
"Квотаны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әлеуметтік кодекстің 18-бабы 7 тармақшасына және 107-бабы 2-тармағына сәйкес жыл сайын 5 желтоқсанға дейін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алдағы жылға квота белгілейді", - делінген бұйрықта.
 
Құжатта квота ұйымдық-құқықтық және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленетіні көрсетілген.
 
Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
 
Бұдан бөлек квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылады.
 
"Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
- елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
- жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
- екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді", - деп жазылған құжатта.
Дегенмен ҚР Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚРЗаңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді. Әлеуметтік кодекстің 107-бабы 3-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
 
Сондай-ақ, елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдар болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.
 
Ведомство дайындаған құжатта "ұйым және дара кәсіпкерлер үшін белгіленген квота күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жататыны" айтылған.
 
"Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.
 
Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектігі бар адамдар оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі", - делінген бұйрық жобасында.
 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу