Еңбекмині мен "Kazakh Tourizm" ҰК" АҚ "eQonaq – Kutty Meken" мобильді қосымшасының іске қосылуын талқылады

325

Қосымша арқылы қандас мәртебесін және "Ата жолы" картасын алуға болады. 

Еңбекмині мен "Kazakh Tourizm" ҰК" АҚ "eQonaq – Kutty Meken" мобильді қосымшасының іске қосылуын талқылады Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбекминінің Көші-қон комитеті, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Kazakh Tourizm" ҰК" АҚ өкілдері "eQonaq" ақпараттық жүйесі базасында "eQonaq – Kutty Meken" мобильдік қосымшасын іске қосуды талқылады. "еQonaq" жүйесі шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардан өтінім беруді едәуір жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Талқылау "Kazakh tourism" АҚ базасында өтті. Диалог барысында тараптар "eQonaq" және "Құтты мекен" ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мобильді қосымшаның прототипін тестілеу туралы келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу