Еңбекминінде жәрдемақы алушылардың бастамашыл тобы өкілдерімен кездесу өтті

484

Кездесуге Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. 

Еңбекминінде  жәрдемақы алушылардың бастамашыл тобы өкілдерімен кездесу өтті Фото: ҚР ЕХӘҚ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын адамдардың бастамашыл тобының өкілдерімен кезекті кездесу өтті.

Талқылау барысында ата-анасының біреуінсіз (қайтыс болуына байланысты) қалған балалары бар отбасылардың  құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі бастамашыл топтың ұсыныстары қаралды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар барлық айтылған ұсыныстар бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіретіні туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу