Енді 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен жүре алады

1318

7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. 

Енді 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен жүре алады Фото: inbusiness.kz

"Жолаушылар тасымалының" өкілдері балалар үшін пойызға билет алу және отыру тәртібін түсіндірді. Компания 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 жастан асқан бала өзі сапарға аттануы үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болу керек.

Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар тек ересектермен бірге пойызға отыра алады.

7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетіне жеңілдіктер бар. Олар билеттің жарты бағасын төлейді.

Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдаудың да өз ережесі бекітілген. Топтағы әр он балаға бір ересек адам жауапты болу керек. Олардың жанында бір медицина қызметкері болуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу