Енді АИТВ-инфекциясын диагностикалау қосымша лицензиясыз жүргізіледі

1048

Елдегі медициналық зертханалар АИТВ (ВИЧ) инфекциясын диагностикалауды қосымша лицензиясыз жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді АИТВ-инфекциясын диагностикалау қосымша лицензиясыз жүргізіледі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің дерегінше, адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ, ВИЧ) зертханалық диагностика жүргізуге жеке рұқсат беру түріндегі әкімшілік кедергі жойылды.

"2022 жылғы 3 қаңтарда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды. Оған сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңынан АИТВ-инфекциясын диагностикалауға рұқсат беру туралы талап алынып тасталады", – деп жазылған хабарламада.

АИТВ-инфекциясының бар-жоғын анықтау иммунологиялық зерттеулер болып саналады және лицензияланады. 

Енді белгілі бір инфекцияны анықтау үшін қосымша рұқсат берудің керегі жоқ.

Нарықтағы жеке субъектілерге АИТВ-инфекциясына зерттеулер жүргізуге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кедергілерді жою бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жұмыс жүргізіп жатыр.

АИТВ-диагностикасына жеке санитариялық қорытынды қажеттілігі туралы уәкілетті органның талабы бөлігінде мәселелер қалады.

Айта кетейік, жоғарыдағы әкімшілік кедергі 2010 жылы Денсаулық сақтау министрлігі заңға тәуелді актілерінен жеке зертханалардың АИТВ-инфекциясын зертханалық зерттеу жүргізуге қол жеткізуін көздейтін нормаларды алып тастаған кезде пайда болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу