Енді әйелі мен баласын ұратындар қатаң жазаға тартылады

212

Сенат заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Енді әйелі мен баласын ұратындар қатаң жазаға тартылады Фото: pixabay.com

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны қатаңдатуды, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. 

Сенатор Жанна Асанова заңдар мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталғанын айтты.

"Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қалыптасып отырған жағдай мен оның статистикалық көрсеткіштері осы саладағы құқық бұзушылықтарды криминалдандыруды, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ететін тиімді құқықтық база қалыптастыруды талап етіп отыр", - дейді сенатор. 

Заң жобасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткендерге жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады. 

Сондай-ақ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

"Жас баланы өлтіргені үшін (99-бап), жас балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін (120-бап) және жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді", - деді Асанова. 

Заң жобасы 16 жасқа толмаған тұлғаларға сексуалдық сипатта әрекет жасағаны  үшін жауапкершілік енгізіледі.

"Қылмыстық кодекске енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың жауапкершілігін күшейту, оның ішінде балаларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтар үшін жазалау шараларын қатаңдату", - деді ол. 

Сенаторлар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы заңдарға дауыс беру арқылы аталған заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу