Енді әйелін ұрып-соққандар қылмыстық жауапқа тартылады

402

Бұған дейін ең қатаң жаза 15 тәулік қамауға алу еді.

Енді әйелін ұрып-соққандар қылмыстық жауапқа тартылады Фото: freepik

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер немесе соққыға жығатындар енді әкімшілік жазамен құтылып кете алмайды. Олар қылмыстық жауапқа тартылады. Депутат Асхат Аймағамбетов мәжіліс жұмысқа алған заң жобасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп, ресми түрде Мәжілістің қарауына ұсынылды. 

"Заң  әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, азаматтардың құқығын қорғауды қарастырыады. Қазіргі уақытта бір адам екінші адамды ұрып соққыға жықса, ол әкімшілік кодекс бойынша жазаланады. Біздің ұсынып отырған нормамыз бойынша оны әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске көшіріп, криминалдандыру. Зорлық-зомбылық пен ұрып-соғуға жалпы жапуапкершілікті арттыру көзделген. Бұл тек әйел адамдарға ғана қатысты емес", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол мұның тек әйелдерге қатысты емес екенін тілге тиек етті. Депутат көшедегі бір азамат екіншісін соққыға жығып, денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, тіпті ұрып-соғу фактісі болса, ол қылмыстық кодекс негізінде жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Оның денсаулығына жеңіл зиян келсе немесе жалпы ұрып-соқса, Қылмыстық кодекс негізінде жауапкершілікке тартылады. Күні кеше ғана жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу дерегі анықталды. Осындай фактілер бойынша да қылмыстық жауап қарастырылады. Өзінің жақындарын ұрып-соғу, жұмысы кезінде ұрып-соғу болса санкция одан бетер қатаяды. Сондықтан оны әйелдерге қатысты норма деп қабылдамау керек. Ол жалпы ұрып-соғу, жалпы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактілерінің алдын алуға арналған", - деді Асхат Аймағамбетов.

31 қаңтарда мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын қабылдады. Заң жобасы ұрып-соғуды ішінара қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу