Енді айыппұлдың бар-жоғын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

885

e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына айыппұлдың бар-жоғын тексеру функциясы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді айыппұлдың бар-жоғын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

"е-Salyq Azamat қосымшасына әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдарды тексеру функциясы қосылды. Ол арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, "реквизиттер бойынша төлеу" қызметін пайдала аласыз", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Функцияны іске қосу үшін AppStore немесе PlayMarket-те мобильді қосымшаны жаңарту қажет.

Айта кетейік, бүгінде е-Salyq Azamat қосымшасын 700 мың қазақстандық пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу