Енді әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіпке жауап береді – Ішкі істер министрлігі

210

Бір бағыттағы 5 заң біріктірілмек.

Енді әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіпке жауап береді – Ішкі істер министрлігі Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Құжат жобасының мақсаты – профилактика жүйесін жетілдіру. Бұнда құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептерді жоюға басым назар аударылады. Бір бағыттағы 5 заң біріктіріледі. Профилактика барлық деңгейлерде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл тәсілдер заң жобасында көзделген. Ортақ жауапкершілік енгізіледі: әкімдер – өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін, мемлекеттік органдар – құзыреті бойынша профилактика үшін, мәслихаттар – олардың есептерін тыңдау бойынша, жергілікті қоғамдастықтардың рөлі күшейтіледі", – деді ведомство басшысы.

Ержан Сәденовтің сөзінше, профилактика жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәртебесі жоғарылайды. 

"Енді комиссияның құрамы мен құзыретін Президент бекітеді.  Баға Ұлттық баяндамада беріледі. Профилактика субъектілерінің тізбесі кеңейтілді. Олардың идеологиялық, түсіндіру және тәрбие жұмысы, әлеуметтік бейімдеу және оңалту, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша құзыреттері нақтыланады. Сондай-ақ азаматтардың, кәсіпкерлердің профилактикаға қатысу тәсілдері бекітіледі. Енді барлық құқық қорғау органдары қоғамдық көмекшілерді тарта алады. Жеке профилактика шаралары күшейтілді", – деді ІІМ басшысы.

Профилактикалық бақылауға жататын есепке алынған адамдардың тізбесі кеңейтіледі. Әкімшілік қадағалауды қолдану саласы ұлғайтылады. 

"Жаңа тетіктер енгізілуде: ресми ескерту, өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды есепке алып, олардың әлеуметтік бейімдеуі және оңалту, жоғары назарды талап ететін жасөспірімдерді педагогикалық сүйемелдеу, жақындауға тыйым салу. Ілеспе заң жобалары шеңберінде әкімшілік жауапкершілік: мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныстарды қайта орындамау; құқыққа қарсы контентті жариялау және тарату үшін енгізіледі. Заңның нормаларына Әлеуметтік кодекс және 3 Заң сәйкес келтіріледі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу