Ақпарат министрлігі енді интернетте жарияланған деректерге ашық мониторинг жүргізуге құқылы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Яғни, шетелдік сайттар мен мессенджерлерді құқық қорғау органдарына жүгініп, арнайы санкция алып жатпай-ақ, өздігінше бұғаттай алады. Мұндай мүмкіндікті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы 142-ші қаулысына енгізілген өзгерістер беріп отыр.
Қазірде елімізде терроризм, есірткі, психотроптық заттарды насихаттауды көздейтін сайттарға шектеу қойылатыны жасырын емес. Алайда қаулыда нақты қандай бағытта жазылған жазбалар өшірелетіні айтылмаған. Одан бөлек ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде арнайы комиссия құру, мемлекеттік органдар интернет-порталдарында орналастыра алатын деректерінің тізбесін жасау сынды толықтырулар бар. Жалпы қаулының 10-нан аса тармақшасы түзетуден өткен, 10-шілдеде күшіне енеді. Тәуелсіз сарапшылар осылайша министрлік бұған дейін де істеп келген әрекеттерін заңдастырып отыр, дейді.