"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдармен жүретіндерге айлық және жылдық абонемент рәсімдеу қызметін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абонементті алу үшін онлайн немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.
Бір айлық абонемент жеңіл көліктерге қарастырылмаған. 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін болатын жүк автомобильдері үшін 7 864 теңгеден басталады.
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 15 728 теңге төлейді. Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 31 456 теңге.
Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 39 320 теңге.
Ал бір жылдық абонемент үшін жеңіл көлік жүргізушілері 3 932 теңге төлеуі тиіс. 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 78 640 теңгеден басталады.