Жақсылық Омар: Енді әлеуметтік желіге жарнамаға ақша төлемейміз

1039

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қоғамдық кеңес жиынында қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты алдағы жоспарын бөліскен.

Жақсылық Омар: Енді әлеуметтік желіге жарнамаға ақша төлемейміз

Сонда ол әкімдік жұмысын танымал пабликтерде жариялау үшін қаражат бөлуден "толық бас тартатынын" мәлімдеген.

"Бұл шығындар ішкі саясат бөлімі бюджетінен алынып тасталды да, әлеуметтік жобаларға жұмсау үшін әлеуметтік қорғау бөліміне аударылды. Бұдан әрі қала басшысының және қала әкімшілігінің қызметі әкімнің жеке аккаунтында және қала әкімдігінің ресми аккаунтында жарияланатын болады", – деді әкімнің кеңесшісі.

Бірақ бұған дейін қандай парақшаларға қанша қаражат жұмсағанын өздерінен сұрап білу мүмкін болмады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Рас айтамын" телеграм-каналы бұған дейін Өскемен жарнамаға қанша шығындайтынын зерттеген. Олардың шілде айындағы ақпаратына қарағанда, танымал пабликтермен 18,6 млн теңгеге келісім жасасқан. Жақсылық Омардың қала халқымен кездесуі, мектеп, жолдардың жөнделуін тексеруі, жазатайым оқиға болған жерлерге барып, комиссия құрғаны да пиар түрінде жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу