Енді Алматы-Лондон рейсі Ақтауға аялдамай ұшады

227

Бұл әлемдегі ең ұзақ рейстердің бірі болады деп күтіліп отыр.

Енді Алматы-Лондон рейсі Ақтауға аялдамай ұшады Фото: canva.com

Air Astana компаниясының Алматы-Лондон бағытындағы рейсі биылғы 4 қазаннан бастап ұшады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Air Astana Airbus-пен серіктесіп, Airbus A321LR ұшағына қосымша отын бактарын орната отырып, өзінің алыс магистральді рейстерінің тиімділігін арттырады. Бұл техникалық аялдауларсыз алыс қашықтыққа қонбай ұшуға мүмкіндік береді. 4 қазаннан бастап әуекомпания 2022 жылдан бастап Ақтауға техникалық аялдамамен орындалатын Алматы-Лондон бағыты бойынша қонбастан ұшуларды қайта бастауды жоспарлап отыр. Ұшу уақыты 1,5 сағатқа азайып, 9 сағат 35 минутты құрайды", - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Бұл жаңашылдық операциялық тиімділікті арттыру бойынша Air Astana-ның ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу