Енді Алматыдан Токиоға тікелей рейспен жетуге болады

907

Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды.  

Енді Алматыдан Токиоға тікелей рейспен жетуге болады Фото: qeepl.com

Air Astana компаниясы Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады. Алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылғы 30 қарашада, ал алғашқы қайтар рейс Токиодан 2026 жылғы 1 желтоқсанда ұшады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейстер бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен Токио халықаралық әуежайына (Нарита) аптасына екі рет орындалады.

Рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда):

Алматы – Токио KC171 рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан 21:55-те ұшып, келесі күні 09:25-те Токиоға ұшып келеді.
Токио – Алматы KC172 рейсі сейсенбі және жұма күндері Токиодан 10:55-те ұшып, Алматыға 16:20-да ұшып келеді.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут, ал қайтарда – 9 сағат 25 минут.

Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қазіргі серіктестік шеңберінде Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады. 

Екі жаққа билеттің ең төменгі құны (алымдардың барлығын қосқанда) эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918  теңгеден басталады.

Жапония азаматтары Қазақстанға визасыз 30 күнге дейiнгi мерзiмге келе алады. Ал Қазақстан азаматтарына Жапонияға сапар үшін виза қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу