Биыл ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтына небары 67 бала грантқа түскен екен.
"Ұлттық университет "Су шаруашылығы және мелиорация", "Геодезия және картография", "Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс", "Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері", "Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар" сияқты мамандықтарды үйретеді", - деп хабарлады министрлік.